Жаңартылған Ата заң билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайтуға және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Парламенттік және қоғамдық бақылау тетіктері кеңейтіліп, басқару жүйесінің ашық әрі тұрақты болуына жағдай жасалады.
Құжат мемлекетті жаңғыртуға және заманауи сын-қатерлерге бейімделуге қажетті құқықтық алғышарттарды қалыптастырады. Адам капиталын дамыту, білім беру мен инновация салаларына ерекше назар аударылады. Конституциялық өзгерістер елдің тұрақтылығы мен ілгері дамуына берік негіз қалайды.


