102057983

Астана көкпаршылары ел чемпионатында бақ сынауда

Жетісу облысы, Талдықорған қаласында көкпардан ересектер арасындағы XXV Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншілігінде жалпы саны 19 команда жүлделі орындар үшін өзара бақ сынауда.

Бүгін дүбірлі доданың топтық кезеңіндегі екінші ойын күні. Аталған жарыста Астана қаласының көкпаршылары да өнер көрсетуде. Елордалық команданың жетекшісі әрі бас жаттықтырушысы – Ерлан Қанапин.

Айта кетейік, 2025 жылы Шымкент қаласында өткен көкпардан ересектер арасындағы XXIV Қазақстан Республикасының чемпионатында Астана қаласының командасы қола жүлдеге ие болған еді.

Биылғы чемпионаттың маңызы ерекше. Себебі осы бәсекенің қорытындысы бойынша көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады. Жасақталған құрама алдағы уақытта, нақтырақ айтқанда, 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықты бастайды.

Айтулы чемпионат 9 мамырға дейін жалғасады.


 

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1