Алғаш рет Астана қаласындағы «Арғымақ» ат-спорт кешенінде халықаралық деңгейдегі FEI Jumping World Challenge Final турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, 11 елден келген талантты шабандоздардың басын қосты.
Бұл беделді жарыстың Қазақстанда өтуі – ат спортының дамуына серпін беріп қана қоймай, еліміздің халықаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы әлеуетінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Турнирдің басты ерекшелігі – қатысушылардың өздеріне бейтаныс, ұйымдастырушылар ұсынған аттармен сынға түсуі. Мұндай формат шабандоздың кәсіби шеберлігін, бейімделу қабілетін және атпен қысқа уақыт ішінде өзара сенім орната алуын айқындайды.
Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 Бразилиялық Бернардо Краус Герра чемпион атанды;
🥈 Күміс жүлдені Өзбекстан өкілі Бекзод Розмұхамедов иеленді;
🥉 Қола жүлде Колумбия спортшысы Николас Родригес Посадаға бұйырды.
Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) президенті Ингмар Де Вос өз сөзінде Қазақстан мен Ұлы Даланың әлемдік жылқы мәдениетінің тарихи бесіктерінің бірі екенін ерекше атап өтіп, мұндай жарыстар спортшылардың халықаралық аренаға шығуына үлкен мүмкіндік беретінін жеткізді.
Осы айтулы шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Халықаралық ат спорты федерациясына (FEI), FEI Solidarity бағдарламасына, барлық спортшыларға, жаттықтырушыларға, серіктестерге және ұйымдастырушыларға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Астанада өткен FEI Jumping World Challenge Final турнирі Қазақстанның әлемдік ат спорты қауымдастығындағы беделін нығайтып, ұлттық ат спортының жаңа белестерге көтерілуіне жол ашқан маңызды оқиға болды.




