102057983

Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгін «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің жігіттер қауымы кешеннің нәзік жанды әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтап, оларға жылы лебіздерін жеткізді.

Шара барысында әйелдердің қоғамдағы, отбасы мен ұжымдағы рөлі ерекше атап өтілді. Олардың мейірімі, қайраттылығы, табандылығы мен қамқорлығы әрдайым жоғары бағаланатыны айтылды. Ұжым атынан барша әйелдерге зор денсаулық, отбасының амандығы, бақыт, шығармашылық табыс пен шексіз қуаныш тілінді.

Мерекелік кездесу жылы шырайға, көтеріңкі көңіл-күйге толы өтті. Әйелдер қауымының еңбегі мен үлесі үшін алғыс білдіріліп, олардың өмірдегі орны мен мәні ерекше екені тағы бір мәрте атап өтілді.

Көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз барша нәзік жанды әйелдерге шабыт, қуаныш пен шаттық сыйласын! Әр күніңіз гүлдей жайнап, өміріңіз шаттыққа толы болсын!

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1