Астана қаласы маңындағы Қазанат атшабарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай республикалық бәйге жарысының ашылу салтанаты өтті.
Додаға еліміздің әр өңірінен келген 50-ге жуық сәйгүлік қатысуда.
Жарыс бағдарламасына сәйкес, ашылу рәсімінен кейін 9 шақырымдық «Құнан бәйге» жарысы басталды. Бұдан кейін 16 шақырымдық «Топ бәйге» және 25 шақырымдық «Аламан бәйге» сайыстары өтіп, қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Айта кетейік, республикалық бәйге жарысы Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, Республикалық бәйге федерациясы, Ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясы, «NAK» құрылыс компаниясы және қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткізілуде.


