«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің басшысы Аманжол Амандықұлы мекеме қызметкерлерімен арнайы жиын өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен реформалардың мән-маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Жиында сөз сөйлеген кешен басшысы жаңа Конституция жобасымен және оның негізгі ережелерімен толық танысудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын мұндай құжаттарға әрбір азамат бейжай қарамай, ұсынылып отырған бастамаларды терең түсінуі қажет.
Сондай-ақ жиын барысында қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, конституциялық реформалардың қоғам өміріне, әлеуметтік салаға және азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне тигізер әсері талқыланды.
Кездесу соңында ұжым мүшелері ел болашағы үшін маңызды өзгерістерге қолдау білдіріп, алдағы уақытта да түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға дайын екендерін жеткізді.


