102057983

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде қызметкерлерге арналған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Мемлекеттік туы: рәміздер мен белгілердің мәні» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Түсіндірме жұмысты кешеннің заң, кадр және ұйымдастырушылық жұмыстар бөлімі басшысы Түкенов Әділхан Жеңісұлы жүргізді.

Жиын барысында Әділхан Жеңісұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Мемлекеттік туының мән-мағынасын кеңінен түсіндіріп өтті. Ол әрбір мемлекеттік рәміздің элементі терең мағынаға ие екенін, еліміздің тарихын, мәдениеті мен тәуелсіздігін айқындайтынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолдану және оларға құрметпен қарау әрбір Қазақстан азаматының міндеті екеніне ерекше назар аударды.

Түсіндірме жұмысы ашық диалог форматында өтті. Қызметкерлер белсенді түрде сұрақтар қойып, Мемлекеттік елтаңба мен тудың ұлттық бірлік пен мемлекеттіліктің басты нышандары ретіндегі маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1