102057983

Елордалық жас шабандоздар ат спорты бойынша Республика чемпионатының жеңімпаздары атанды

 

Алматы қаласындағы Almaty Horse & Polo Club базасында жасөспірімдер мен юниорлар арасында конкур (кедергілерден секіру) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста Астана қаласының «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінің жас спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Чемпионат аясында биіктігі 100-ден 130 см-ге дейінгі түрлі күрделі маршруттар бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде №2 маршрутта (кедергі биіктігі — 110 см) жасөспірімдер арасында жүлделі орындардың барлығын елордалық шабандоздар жеңіп алды:

1-орын — Қабжанова Амира
2-орын — Жақып Жандос
3-орын — Серік Малика

«Балалар» санатындағы №3 маршрутта (100 см) астаналық спортшы Люблина Злата 1-орынды жеңіп алды.

Юниорлар арасындағы №2–5 маршруттарда (кедергі биіктігі — 110–120 см) елордалықтар келесі нәтижелерге қол жеткізді:

2-орын — Серік Малика
3-орын — Жемчужина Яна

«Балалар» санатындағы №6 маршрутта (110 см) Советхан Хадия 3-орынға ие болды.

Жарысқа Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстарынан келген 70-ке жуық спортшы қатысты.

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1