102057983

Астаналық спортшы Малика Серік ат спорты бойынша халықаралық кубокта алтын жүлде жеңіп алды

Сеул қаласында өткен конкур түрінен Азия Ат спорты федерациясының кубогы мәресіне жетті. Аталған жарысқа Аустралия, Оңтүстік Корея, Гонконг, Малайзия, Таиланд, Өзбекстан, Үндістан, Индонезия, Жапония, Палестина, Жаңа Зеландия, Филиппин, Оман, Хорватия және Қазақстан сынды 15 елдің спортшылары қатысты.

Айтулы додада астаналық жас спортшы Малика Серік «жасөспірімдер» санатында 100 см биіктіктегі кедергілерден өту бойынша 1-орын иеленіп, өзінің шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл – оның халықаралық деңгейдегі алғашқы жарысы болғанына қарамастан, Малика сенімді өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлде салды.

— Бұл оның халықаралық аренадағы дебюті болды және ол жарысқа үлкен дайындықпен әрі зор жауапкершілікпен қатысты. Маликаның бұл жеңісі – оның қажырлы еңбегі мен табандылығының нәтижесі. Біз оған үлкен үміт артамыз және болашағынан зор жетістіктер күтеміз, — деді спортшының жеке бапкері Ержан Мағжаев.

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1