Олардың қатарында кешеніміздің басшысы, ұлттық спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Хасенов Аманжол Амандықұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Аманжол Амандықұлын жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймыз!
Бұл мереке – тәуелсіздігіміздің тұғыры мен ел бірлігінің символы. Әрқайсымыздың еңбегіміз ел дамуына, спорт саласының өркендеуіне және ұлт рухының биіктеуіне үлес қоссын! Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!


