102057983

Талдықорған қаласында көкпардан ересектер арасындағы XXV Қазақстан Республикасының чемпионаты жалғасуда. 1–9 мамыр аралығында өтіп жатқан дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар қатысуда.

Аталған жарыста Астана қаласының көкпаршылары да бақ сынауда. Елордалық команда В тобындағы топтық кездесуде Армия орталық спорт клубын 5:1 есебімен жеңді.

Астана құрамасы сапынан салым салғандар:
• Елдар Жиенқұлов – 1 салым
• Мейіржан Мәтжан – 1 салым
• Ринат Ибрагимов – 1 салым
• Александр Пупенко – 1 салым
• Бексұлтан Сүлейменов – 1 салым

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістердің негізгі ережелері талқыланды.

Аталған шара аясында басқарма басшысы Василий Левит басқарма қызметкерлерімен және басқармаға қарасты мекемелердің басшыларымен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістердің негізгі мазмұны түсіндірілді. Сондай-ақ жаңа конституциялық өзгерістердің ел дамуына, соның ішінде спорт саласына тигізетін ықпалы кеңінен талқыланды.

Жиынға 20-дан астам спорт саласының қызметкері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – конституциялық реформаларды терең талдау және олардың мемлекеттің дамуына әсерін түсіндіру.

Бүгін «Арғымақ» ат спорты және ұлттық спорт түрлері клубында «Таза Қазақстан – жауапкершілік белесі» атты ауқымды экологиялық айлық аясында сенбілік ұйымдастырылды. Аталған шараға клуб қызметкерлері, спортшылары мен жаттықтырушылары белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы игі іске өз үлестерін қосты.

Түркістан қаласындағы «Атшабар» көпфункционалды спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Халықаралық деңгейдегі жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасымен қатар Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Үндістан, Солтүстік Кипр, Түркия, Өзбекстан, Ресей және Тайланд елдерінен келген спортшылар қатысты. Жалпы саны 10 мемлекеттен 110-ға жуық мерген бақ сынады. Чемпионатқа 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер қатысты.

Наурызнама онкүндігі аясында «Арғымақ» ат спорты сауықтыру кешенінде ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдік қойылымдар өтті. Бұл шара Ұлттық спорт күнін мерекелеуге арналған ғана емес, көшпенді мәдениетіміздің бай мұрасын еске салатын жарқын оқиға болды.

Қонақтарға көрнекі көрсетілімдер ұсынылды:

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1