Құрметті елорда тұрғындары мен қала қонақтары!
Сіздерді 7 маусым күні қасиетті Құрбан айт мерекесі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында өтетін кең ауқымды республикалық бәйге турниріне шақырамыз!
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын дүбірлі додада еліміздің түкпір-түкпірінен келген таңдаулы тұлпарлар мен шабандоздар бақ сынайды. Ұлттық рухты ұлықтайтын жарыс 9 шақырымдық «Құнан», 16 шақырымдық «Топ» және 25 шақырымдық «Аламан» бәйге бойынша өтеді. Жеңімпаздарға қомақты ақшалай сыйлықтар, автокөлік және баспана табысталады. Жиналған қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады.
Салтанатты ашылуы — 7 маусым күні сағат 11:00-де.
Кіру тегін! Келіңіздер! Ұлы даланың дүбірлі дәстүріне бірге куә болайық!


2026 жылғы 28-31 мамыр аралығында Астанада Fédération Équestre Internationale (FEI) қолдауымен алғаш рет бір мезетте үш халықаралық турнир өтеді: FEI Әлем Кубогының кезеңі, FEI World Cup Challenge финалы және CDI1*/CDI3* халықаралық жарыстары.
Олар бізге өмір сыйлады. Біз олардың ерлігін жүрегімізде мәңгі сақтаймыз. Жеңіс күні құтты болсын!
Бауыржан Момышұлы – Кеңес Одағының әскери қолбасшысы, гвардия полковнигі, Панфилов дивизиясының батальон командирі, Кеңес Одағының Батыры.
Жетісу облысы, Талдықорған қаласында көкпардан ересектер арасындағы XXV Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр. Ел біріншілігінде жалпы саны 19 команда жүлделі орындар үшін өзара бақ сынауда.