102057983

Алматы қаласындағы Almaty Horse & Polo Club базасында жасөспірімдер мен юниорлар арасында конкур (кедергілерден секіру) бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста Астана қаласының «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінің жас спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Чемпионат аясында биіктігі 100-ден 130 см-ге дейінгі түрлі күрделі маршруттар бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде №2 маршрутта (кедергі биіктігі — 110 см) жасөспірімдер арасында жүлделі орындардың барлығын елордалық шабандоздар жеңіп алды:

1-орын — Қабжанова Амира
2-орын — Жақып Жандос
3-орын — Серік Малика

30 мамыр 1 маусым аралығында Астана қ. «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешені базасында ауқымды халықаралық жарыстар – конкурдан Еуразиялық Лиганың Әлем Кубогының кезеңі (FEI CSI 1*-W) және Атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнир (FEI CDI 1*) өтеді.

Жарысқа алыс және жақын шетелден алты елдің мықты құрама командалары қатысады деп күтілуде. Іс-шара халықаралық стандарттарға сәйкес Халықаралық ат спорты Федерациясының (FEI) қолдауымен өткізіледі.

Үш күн ішінде 60-тан аса үздік спортшы әр түрлі кедергілерден тұратын маршруттар мен атпен жүруден өз шеберліктерін көрсетеді деп жоспарлануда.

Бүгін Астана қаласы әкімдігінің "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешенінің ұжымы – қызметкерлер, жаттықтырушылар мен спортшылар бірігіп, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсене атсалысты.

Кешен аумағын қоқыстан тазартып, тазалық пен тәртіпке үлгі боларлық іс жасалды. Бұл шара табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырып, жастарға экологиялық тәрбие берудің маңызды бір қадамы болды.

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1