Астана қаласының иппотерапия және бейімделген ат спорты федерациясы Астана қаласының спортшылары арасында республика күніне орай жарыстар өткізді!
102057983

Астана қаласының иппотерапия және бейімделген ат спорты федерациясы Астана қаласының спортшылары арасында республика күніне орай жарыстар өткізді!
Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов отандық спорттың дамуына елеулі үлес қосып, табысты еңбек етіп жүрген бірқатар мамандарды мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттады.
Олардың қатарында кешеніміздің басшысы, ұлттық спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Хасенов Аманжол Амандықұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Аманжол Амандықұлын жоғары мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймыз!
Барлық ат спорты жанкүйерлерін 2025 жылдың 31 қазанынан 2 қарашасы аралығында Астана қаласында өтетін Қазақстан Республикасының конкур бойынша чемпионатына шақырамыз!
Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген үздік спортшылар – түрлі жас санаттарындағы және ат спорты мектептерінің өкілдері қатысады.
Сізді не күтіп тұр?
Өтетін орны: Астана қ., Нұра ауданы, Рождественская трассасы 3, «Арғымақ» Ат спорты-сауықтыру кешені.
Күндері: 2025 жылғы 31 қазан – 2 қараша.
Кіру: тегін.
Еліміздің үздік шабандоздарын қолдауға келіңіздер!
Біздің серіктестеріміз: @kazzinc_official @olympickz
Бүгін «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерін, Астана қаласының спортшыларын ұлықтау рәсімі өтті.
4-11 қазан аралығында Шымкент қаласында өткен көкпардан ересектер арасындағы ҚР-дың XXIV чемпионатында елордалықтар араға 13 жыл салып, қайта жүлдегерлер қатарына кірді. 15 команда бақ сынаған бәсеке астаналықтар үшін оңай болмады.
Астана қаласы көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Шымкент қаласында көкпардан ересектер арасындағы XXIV Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.
Ат спорты әлемін ашыңыз!