102057983

16.09.2025 года наш комплекс посетил генеральный секретарь Всемирной Исламской лиги шейх Мухаммед Абдулкарим Аль-Иса. В ходе посещения почетному гостю было рассказано о комплексе, показаны и рассказаны традиции охоты с национальной породой собак тазы и с ловчими птицами. Представлены лошади имеющиеся в комплексе а также показательные выступление, проездка юных спортсменок.

 

14 қыркүйекте Prestige Horse Club ат клубының аумағында балалар мен жасөспірімдер арасындағы конкур жарыстары мен ат шоуын қамтыған «Prestige кубогы» спорттық іс-шарасы өтті.

Жарысқа 12–16 жас аралығындағы жас шабандоздар қатысып, 110 см биіктіктегі кедергілермен белгіленген маршруттарды еңсеру бойынша бақ сынады. Айтулы додада «Көкпар Астана» клубының спортшысы Карина Най Примач атты тұлпарымен үздік үштіктің қатарынан көрініп, қола жүлдені иеленді.

Конкур жарыстары Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) ережелеріне сәйкес ұйымдастырылып, жүлде қоры 1 500 000 теңгені құрады.

2025 жылғы 14 қыркүйекте Prestige Horse Club аумағында «Prestige Кубогы» атты балалар мен жасөспірімдерге арналған конкур жарыстары және мерекелік шоу өтеді. Ат спорты мен сұлулықты ұштастырған бұл шара көрермендерге ерекше әсер сыйлайды.

Жарысқа 12 жастан 16 жасқа дейінгі жас спортшылар қатысып, 110 см. биіктіктегі кедергілерді еңсеру бойынша сынға түседі.  Іс-шара Халықаралық ат спорты федерациясының (FEI) ресми ережелеріне сәйкес өткізіледі.  Жүлде қоры – 1 500 000 теңге.

Көрермендерді қызықты шоу бағдарлама күтеді:

-мерекелік ашылу рәсімі;

-джигитовка және сирек кездесетін жылқы тұқымдарымен таныстыру;

Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешені» МКҚК конкур бөлімінің спортшысы әрі жаттықтырушысы Қылышбек Ғаппардың жаттығу сәтінен үзінді ұсынамыз.

Ол — Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы, сондай-ақ Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен Губернатор кубогының иегері. Қылышбек — спорт шеберіне үміткер, тәжірибелі әрі табанды спортшы.

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1