
Алматы облысындағы Almaty Horse & Polo Club аумағында конкурден Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыстың басты мақсаты – конкур сайысында болашағынан үміт күттіретін спорттық жылқыларды анықтау.
Чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысының спортшылары қатысты. 4 пен 7 жас аралығындағы жылқылар 80-130 см биіктегі кедергілермен жабдықталған маршруттарда сынға түсті.
Қазылар алқасы шабандоз бен жылқы арасындағы өзара әрекеттестікті, кедергілерді бағындыру техникасы мен стилін, сондай-ақ жылдамдықты бағалады. Бұл қасиеттер болашақта халықаралық ірі турнирлерде табысты өнер көрсету үшін аса маңызды.
Толығырақ …