102057983

30 градустық аптапта да қаламыздың тазалығы үшін жұмыла тер төктік. Күнге күйіп емес, қазанда қайнап жүргендей болдық 🔥 Бірақ бастысы – бәріміз аманбыз, тек гүлдер ғана шокта 😊

🌱 Тазалық – бұл тек әр аптадағы сенбілік жұмыспен шектелмейді. Бұл – табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлық.

💧 Қала таза болса – көңіл де таза. Көше таза болса – сана да сергек.

🧹 Біз өз үлесімізді қостық. Ал сіз ше?

 

«Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде қызметкерлерге арналған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Мемлекеттік туы: рәміздер мен белгілердің мәні» тақырыбында түсіндірме жұмыстары өткізілді. Түсіндірме жұмысты кешеннің заң, кадр және ұйымдастырушылық жұмыстар бөлімі басшысы Түкенов Әділхан Жеңісұлы жүргізді.

Жиын барысында Әділхан Жеңісұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен Мемлекеттік туының мән-мағынасын кеңінен түсіндіріп өтті. Ол әрбір мемлекеттік рәміздің элементі терең мағынаға ие екенін, еліміздің тарихын, мәдениеті мен тәуелсіздігін айқындайтынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолдану және оларға құрметпен қарау әрбір Қазақстан азаматының міндеті екеніне ерекше назар аударды.

Астана қаласының спортшылары мен бапкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны қорғау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Автокөліксіз бір күн» республикалық челленджіне белсенді қатысты.

Бүгін таңертең басталған челленджде олар жеке автокөліктерін пайдаланбай, жұмысқа және жаттығу залына балама көлік түрлерімен барды. Кейбірі велосипедке мінсе, енді бірі қоғамдық көлік пен электросамокат секілді экологиялық таза көлік құралдарын пайдаланып, видеоүндеу жазып, өз әріптестерін аталмыш челленджге шақырды.

Челленджді қолдағандардың қатарында елордалық велошабандоздар – Бралин Мансұр мен Поберевский Богдан, спорттық гимнастика спортшысы Мұрат Асан, сурдо каратэден Айнұр Есмағамбетов, кикбоксинг бөлімінің жаттықтырушысы Рахат Мұхаметрахим, еркін күрес спортшысы Мыңбай Нұрзат, сондай-ақ дзюдо мен шайбалы хоккей жаттықтырушылары бар.

30 мамыр мен 1 маусым аралығында Audi Centre Astana Қазақстанның Ат спорты федерациясы ұйымдастырған конкур бойынша Еуразия лигасы Әлем кубогының кезеңінің ресми серіктесі болды.

Аренада — үздік шабандоздардың күші мен талғамы.

 

 

Бүгін, 30 мамыр күні «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде конкур бойынша Еуразия Лигасының Әлем Кубогы кезеңі (FEI CSI 1*-W) және Атпен мәнерлеп жүруден халықаралық турнир (FEI CDI 1*) басталды.
 
8 кезеңнен тұратын Әлем кубогының кезекті бәсекесін Қазақстан ұзақ уақыттан кейін қайта қабылдауға мүмкіндік алды. Халықаралық ат спорты Федерациясының (FEI) қолдауымен өткізіліп жатқан жарысқа Армения, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 50-ге жуық спортшы бақтарын сынап жатыр.

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1