102057983

⚜️Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында биыл елімізде Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.
 
📩Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. 
 
📨Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.
 
📈Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
 
🔗Іріктеу 6 кезең бойынша өткізіледі:
 
– Кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
– Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау;
– Ситуациялық тапсырмаларды шешу;
– Құзыреттерді бағалау;
– Резервке іріктеу жөніндегі сарапшылық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу;
– Сарапшылық комиссия ұсынған кандидаттарды Ұлттық комиссияның отырысында қарау.
 
📌 Іріктеу қорытындысы бойынша 50 адам Резервке қабылданады.

Астанада есірткіге қарсы күрес күніне орай бұқаралық велошеру өтті. Мектеп маусымының аяқталуы және жаз мезгілімен тұспа-тұс келген сәтте қала шетіндегі «Жасыл белдеу» саябағында велошеру ресми түрде ашылды. Таңғы 9:00-де басталған спорттық шараға елордамыздан 700-дей тұрғын қатысты.
 
«Қоғамда мәселелер көп. Бірақ интернет беттерінде синтетикалық есірткі жайлы өте көп талқыланады. Ел басшысының өзі бұл жағдайды қатаң назарына алған. Ал бұқаралық велошеру - ерік-жігерді шыңдауға мүмкіндік береді және спортқа жақын жандармен танысып, ортасын табуға ықпал етпек. Баршаңызды құттықтаймын! Бұйырса, жаз мезгілінде де бірнеше велошеру ұйымдастыру жоспарымызда бар», - деді «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ басшысының орынбасары Азамат Ағзамов.

Бүгін «Арғымак» ат-спорттық сауықтыру кешенінің аумағында конкурдан Еуразиялық лиганың Әлем кубогының кезеңі (FEI CSI 1*-W) және атпен мәнерлеп жүру бойынша халықаралық турнирге дайындық аясында кезектен тыс сенбілік өтті. Кешен қызметкерлері жазғы трибуна маңындағы аумақты тазалап, қоқыс пен құрғақ бұтақтарды жинады, жолдарды сыпырып, көгалдағы және трибуна жанындағы шөптерді шапты. Сондай-ақ автотұрақ пен кіреберіс жолдар да ретке келтірілді.

Көрермендер мен жарысқа қатысушыларға арналған аймақтарды абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді: орындықтар тексеріліп, арамшөптер жұлынып, уақытша құрылыстар орнатылатын жерлер тегістелді. Манеждер мен оларға апаратын жолдардың жағдайы тексеріліп, тазалық пен қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

 

Жол-көлік оқиғалары жайдан-жай болмайды. Олардың себебі — асығыстық, салғырттық және жол ережелерін елемеу. Жаяу жүргінші жолағынан өткелі тұрғанда тәуекелге бармаңыз, «сары» жарықта жүгіріп өтпеңіз.

Ата-аналар, балаларды тіпті қысқа қашықтыққа да жалғыз жібермеңіз. Балаларыңызға үнемі ескертіңіз: жол — ойын орны емес!

«Заң және Тәртіп» нарративін жүзеге асыру елорда прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілуде.

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1