102057983

Иппотерапия (грек тілінен аударғанда hippo -жылқы) – «жылқының көмегімен емдеу» деп аталады. Атқа міну тірек-қимыл аппаратының дамуын, координацияны жақсартады және төзімділікті жаттықтырады. Атпен жүруге барлық дерлік бұлшықет топтары қатысатындықтан, шабандоздың жалпы физикалық дамуы жақсарады. Бұл бұлшықеттерді босаңсытады және басқа процедуралармен жойылмайтын блоктарды жоюға мүмкіндік береді.

Сеулде өткен конкурдан Азия федерациясының кубогында ел намысын қорғаған астаналық спортшы Малика Серік 100 см биіктіктегі кедергілерді еңсеріп, жасөспірімдер санатында алтын жүлде иеленді!

Бұл — Маликаның халықаралық аренадағы алғашқы жеңісі, әрі ол бірден Қазақстанға жеңіс сыйлап отыр!

— Маликаның бұл жетістігі – табандылық пен тынымсыз еңбектің жемісі. Біз оған үлкен үміт артамыз, — дейді бапкері Ержан Мағжаев.

Жарайсың, Малика! Қазақстан сенімен мақтанады!

Сеул қаласында өткен конкур түрінен Азия Ат спорты федерациясының кубогы мәресіне жетті. Аталған жарысқа Аустралия, Оңтүстік Корея, Гонконг, Малайзия, Таиланд, Өзбекстан, Үндістан, Индонезия, Жапония, Палестина, Жаңа Зеландия, Филиппин, Оман, Хорватия және Қазақстан сынды 15 елдің спортшылары қатысты.

Айтулы додада астаналық жас спортшы Малика Серік «жасөспірімдер» санатында 100 см биіктіктегі кедергілерден өту бойынша 1-орын иеленіп, өзінің шеберлігін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл – оның халықаралық деңгейдегі алғашқы жарысы болғанына қарамастан, Малика сенімді өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын жүлде салды.

— Бұл оның халықаралық аренадағы дебюті болды және ол жарысқа үлкен дайындықпен әрі зор жауапкершілікпен қатысты. Маликаның бұл жеңісі – оның қажырлы еңбегі мен табандылығының нәтижесі. Біз оған үлкен үміт артамыз және болашағынан зор жетістіктер күтеміз, — деді спортшының жеке бапкері Ержан Мағжаев.

Екатеринбургте өткен «Весна Победы» атты Бүкілресейлік жарыста Астананың «Арғымақ» ат спорты дене шынықтыру кешенінің спортшылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан орын алды.

Жарысқа ең мықты шабандоздар мен тұлпарлар қатысып, көрермендерге еркіндік, күш, шыдамдылық пен шабандоз бен аттың үйлесімді еңбегін көрсетті. Айтулы жарыста қатысушылар 70, 100, 110, 125 және 130 см биіктіктегі тосқауылдарды сенімді түрде жеңіп шықты.

«Жарыс жалпы алғанда астаналық спортшылар үшін сәтті өтті. Осы жарыста біздің клубтың спортшылары ерекше көзге түсті. Мысалы, «14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар» санатында Сафина Байғожина «Сармат» атты тұлпарымен бірінші орын алды.

 

 «Арғымақ» кешенінің заң, кадр және ұйымдастырушылық жұмыстар бөлімі басшысы Түкенов Әділхан Жеңісұлы Отбасы күніне орай отбасылық құндылықтар туралы пікірін білдірді:

– Отбасылық құндылықтардың ішінде, менің жеке пікірімше, ең бастысы – ұрпаққа дұрыс тәрбие беру. Дана халқымыз «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бекер айтпаған. Бұл – әрбір ата-ананың басты арманы – баласының жақсы адам болып өсуі. Алайда жақсы адам болу – бір күнде пайда болатын қасиет емес. Оның негізін ең алдымен ата-ана өзі қалауы керек. Сол үшін ата-ана өзі мәдениеттілік танытып, сыпайы қарым-қатынаста болып, оғаш мінез-құлықтан аулақ болуы тиіс. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген аталы сөз осыдан қалған.

Ат спорты әлемін ашыңыз!

Астана қ., Нұра ауданы

Қарқаралы Тас Жолы, 1